18 – қазан Рухани келісім күні

Аягөз қаласындағы №5 орта мектепте «Рухани келісім күніне» орай ұстаздармен оқушылар ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. Басқосуға дін мәселерін зерттеу орталығы басшысы Медет, теолог Ернұр мырзалармен бірге орталық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы қатысты. Өз кезегінде сөз алушылар баяндама жасап, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында оқушылар салған дарақ ағашқа тілек жапырақшалары ілініп, «Мен қазақпын» әні орындалды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.