Ауыл имамдары жиыны өтті

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Аягөз ауданына қарасты ауыл имам – молдаларымен жиын өткізді. Өкіл имам: «ҚМДБ – ның 2018 жылғы қорытынды жиынында Семей аймағы алғашқы бестіктің қатарында жақсы нәтиже көрсетті, оған баршаларыңыздың еңбектерініз бар» – деп атап өтті. Алдағы келе жатқан жылымызда осындай жоғарғы көрсеткіштерден көрінейік деген ниетін білдірді. Ауыл – имам молдалары өз ойларын, ұсыныс – пікірлерін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі