Бесқарағай ауданында  ауыл имамдарымен   жиналыс өтті.

Бесқарағай ауданына іс-сапармен келген Семей аймағының өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлы Бесқарағай орталық мешітінің күрделі жөндеуден кейінгі тыныс тіршілігімен  танысып ,ауыл молдаларына жиналыс өткізді.

 Бұл басқосуда өкіл имам осы  жылы жүзеге атқарылған Бесқарағай ауданының имамы мен ауыл молдаларының жұмыстарына жақсы  баға беріп, имамдардың алдында тұрған үлкен ауқымды міндет төрт бағыт бойынша  яғни уағыз насихат, ислам дініне зардабын тигізетін теріс ағымдардың алдын алу,  қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға тұрақты  көмек керсетіп отыру, сауат ашу жайында айтып,аудан имамымен тығыз байланыста болуларын ескертіп,  дініміз үшін  аянбай еңбек етуге шақырды.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.