Тәуелсіздік күніне орай өткен шара

ҚМДБ Семей өңірі бойынша әйел-қыздар секторы Еліміздің тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Тыныбай қажы мешітінде көп балалы отбасыларға мерекелік ақ дастархан жайып, дәм ұсынды. Тыныбай мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлы қонақтарға уағыз айтып мерекелерімен құттықтады. Дастархан соңында әжелер бүлдіршіндерге ақ батасын беріп, 10 отбасына тұрмысқа қажетті заттар сыйлыққа табысталды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.