Иманды жас – болашақ кепілі

Аягөз қалалық мешітінде «Иманды жас – болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Бұл басқосуға кезінде  мешітте шәкірт болған, қазіргі студент жастар жиналды. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы қал – жағдайларын сұрап, насихат айтты. Өз ой пікірлерін айтқан студенттерге Айбек, Мерей ағалары ағалық ақылдарын, өмірде көрген түйгендерін білдірді. Наиб имам Дәулет Қинаятұлы ақ бата беріп, ел амандығына дұға жасады. Жастарға мешіттен қасиетті Құран мен «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітаптар сыйға берілді.  Студент жастар алғыстарын білдіріп, жиын соңында естелікке суретке түсті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.