«Салауатты жастар» атты эстафеталық сайыс

Аягөз ауданына қарасты «Мамырсу» ауылында «Салауатты жастар» атты эстафеталық сайыс өтті. Әнұранмен басталған жарыста аудан имамы Думан Нәдірұлы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, насихат айтты. Бірнеше турдан тұратын сайыста қаппен секіру, аударыспақ, арқан тартыс және т.б ойындар өткізілді. Қызықтыда, тартысты болған жарыста І орын «Тулпар» тобы, ІІ – орын «Сұңқар» тобы, ІІІ – орын «Арлан» тобы иеленсе, «Жасұлан» тобы «Батыл» номинациясын иеленді. Сонымен қатар командаларға «Ұйымшыл», «Ұшқыр» номинациялары табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.