Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде қала, аудандары имамдарының  жылдық есеп беру жиналысы болып өтті

Алқалы жиында қала, аудан, мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Мүфтият тарапынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысы жан-жақты талқылап, сала-сала бойынша атқарған игі істерді тыңдап шықты.

Әрине, жақсы істерімен көрінген имамдарға алғыс айтылды. Кемшін тұстар да ауызға алынды. Себебі, имам діннің дамуына мол үлес қосатын және соның жауапкершілігін атқаратын тұлға саналады. Осы тұрғыдан келгенде әркім өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруы тиіс. Әсіресе, бүгінгідей әртүрлі жат ағымдар белең ала түскен кезде оларға көп жауапкершілік жүктеледі.

Қорытынды сөздің тізгінін қолына алған өкіл имам жыл бойы атқарылған шараларға оң бағасын беріп, тиісті сын-ескертпелерін де айтты. Алдағы уақытта да бұл арнада ҚМДБ тарапынан қойып отырған міндеттер аясында жұмыстар істелінетіні аталып көрсетілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.