«Көңілді старт» атты эстафета

Аягөз қалалық мешітінің және ішкі саясат бөлімі, сонымен қатар дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен мешіт жанынан құрылған «Қыздар – әйелдер» секторы мүшелері арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық жарыс өтті. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы эстафетаның ашылу салтанатында әділ қазыларды таныстырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Эстафеталық жарыста «Толағай», «Бәйтерек», «Аққайнар», «Ақсұңқар», командалары секіртпе тебу, шеңберді айналдыру, «жастықпен тірес», қаппен секіру, доппен жүгіру, допты кезекке беру ойындарында сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша І – орын «Бәйтерек» командасы иеленсе, ІІ – орын «Толағай», ІІІ – орын «Ақсұңқар»,  ІV – орын «Аққайнар» командалары алды. Жеңімпаздарға кубокпен алғыс хат сыйлықтар табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі