Имандылық – әдептілік нышаны

Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылы, С. Ғаббасов атындағы орта мектепте оқушылармен «Имандылық – әдептілік нышаны» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына «Қазығұл ата» мешітінің молдасы Мұрат Жақсылықұлы қатысып, насихат айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Мектеп әкімшілігі «Қазығұл ата» мешітіне алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.