Жармада футболдан жарыс өтті

Семей аймағына қарасты Жарма аудандық мешіттің ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл жамағаттары арасында футболдан жарыс өтті.Мақсат мешіт жамағаттары бір-бірімен танысып, араласып, бірлік қалыптастыру. Осындай маңызды шара Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр.