Қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат қаламыздағы БАҚ өкілдерін, күллі мұсылман қауымы айрықша құрмет тұтатын айлардың сұлтаны шапағаты зор Рамазан айымен құттықтады.

Ораза ұстау ислам дініміздегі бес парыздың бірі. Қасиетті рамазан айында мұсылман адам рухани жан дүниесін тазартып тәубаға келетін ай. Ораза ұстау да адамның атойлаған нәпсісін тежейтін, Жаратушы мен адам баласының арасындағы сыр ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Ораз хазреттің қасиетті рамазан айына байланысты ел мұсылмандарына үндеуімен, құттықтауы оқылып таныстырылды. Қасиетті Рамазан істеген амалдарымызға еселеніп сауаптар жазылатын берекелі ай. Бұл айда мейлінше қайырымдылық шаралары көбірек ұйымдастырылатына өкіл имам ерекше тоқталды. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Орта Азия мүфтилер кеңесімен бірлесе отырып, биылғы 2019 жылғы Рамазан айының басталуы 6 мамырға дәл келетіні туралы шешім қабылдады» – дей келе Өкіл имам өз сөзінде:  «Биылғы жылы Рамазан айы 30 күнге созылады. Ораза ұстаған зиялы қауым өкілдеріне қарттарға бақ өкілдеріне мешіт жамағаттарына ауыз ашар ұйымдастырылады. Биылғы ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақасының құны 300 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестесінің үлгісімен таныстырды. Жиылған БАҚ өкілдерін қасиетті Рамазан тәрбие ай екенін ескертіп, ораза ұстауға шақырды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.