Балабақшадағы айттық тәттілер

«Бала біздің болашағымыз», «бала өмірдің сәні», «қуантсаң, баланы қуант» деген бабаларымыз. Бір баланы қуанту, үлкен жақсылықтың бірі. Осы орайда Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы «Ботақан» балабақшасында ораза айт мерекесі құрметіне жас өрендерге айттық тәттілер таратты. Сәбилер тәттілерге қуанып, шат күлкілерімен қуанышқа бөленді. Тәрбиешілер мешіттің игілікті ісіне алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі