«Мектепке жол акциясы» аясында  қайырымдылық жәрмеңке

   ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» меңгерушісі Тұрлықожа Динараның ұйымдастыруымен  Қос мұнаралы орталық мешітте жұма күні әйел жамағатымен бірлесіп  «Мектепке жол акциясы» аясында  қайырымдылық жәрмеңке өткізген болатын. Қайырымдылық жәрмеңкеден  түскен  қаражатқа көпбалалы мұқтаж он отбасыларының балаларына  арнап мектепке қажетті құрал-жабдықтар  мектеп формалары мен спорттық киімдер мен  аяқ киімдер алынды.

       Қайырымдылық акция демалыс күні Тыныбай қалалық мешітінде жалғасын тапты. Мерекелік шараны  Тыныбай мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлы құттықтау сөздермен бастап,  аталмыш шараның мән-маңызына тоқталды. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері Болатханова  Динара балалар мен қонақтарға Абай Құнанбайұлының өлең жолдарымен қара сөздерін оқып берді. Балалар өздері үшін дайындалған қызықты бағдарламада көңіл көтеріп мерекелік көңіл күйді сезінді. Өз кезегінде    ата-аналар алғыстарын айтып, ұйымдастырушыларға қайырымды жандарға жүрек жарды тілектерін білдірді . Ақ жаулықты әжелер де бата тілектерін айтып бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.