ҚМДБ: ЕРШАТ ОҢҒАРОВ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)

ҚМДБ: ЕРШАТ ОҢҒАРОВ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Ершат Оңғаров наиб мүфти қызметіне тағайындалды.

«Оңғаров Ершат Ағыбайұлы «Халықаралық қатынас және хаттама» бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалсын», – делінген бұйрық мәтінінде. Бүгін ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті мәжілісінде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият ұжымына бұл тағайындауға қатысты шешімін хабарлап, Ершат Ағыбайұлының діни саладағы еңбектері жайлы атап өтті. Өз кезегінде Е.Оңғаров ұжым алдында өзіне тапсырылған міндеттерді орындауға бар күш-қайратын жұмсайтынын жеткізді.

Мәжілісте сөз алған Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтидің бұл шешімі ҚМДБ қызметіне серпін беретінін айрықша атап өтті.

Ершат Ағыбайұлы ОҢҒАРОВ исламтанушы, теолог PhD доктор.

1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 ортамектепті бітірген.

1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуғатүсіп,

2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап,

2004 жылы әл-Әзхар университетін«уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген.

2006 жылы ЕАР Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихында бірінші болып философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады. 

Қазақ, орыс, араб және түрік тілдерін біледі.

2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы,

2009-2011 Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Алматы Дін істері департаментінің директоры (м.а.), Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығында Исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚМДБ Уағыз-насихат, халықаралық байланыс және хаттама бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) акдемиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі.

Үйленген, үш баласы бар.

Мұсылман әлеміне танымал ұстаздары:

• Махмуд Хамди Зақзуқ – ЕАР Уақф министірі

• Мұхаммад Саид әт-Тантауи – ЕАР Әл-Азхар университетінің шейхы

• Ахмад Омар Хашим – ЕАР Әл-Азхар университетінің ректоры

• Махмуд Субхи Фарғаль – Қари шейх, ЕАР

• Абдурахман әл-Адауи – Әл-Азхар университетінің профессоры, ЕАР Парламент мәжілісінің депутаты

• Алтынташ Хайрани – Түркия, Ислам философтары ассосациясының мүшесі, Анкара университетінің профессоры

Марапаттары:

• Медаль. «Шапағат”  2018 ж.

• Медаль. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2016 ж. 

• Алғыс хат. ҚР Парламент мәжілісінің торағасы Н.Нығматулин. – Астана, 2012 ж.

• Алғыс хат. ҚР Дін істері агенттігінің торағасы Қ. Лама Шариф. – Астана, 2012 ж.

• Алғыс хат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров. – Алматы, 2014 ж.

•Алғыс хат. Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) акдемиясы мен Ауқаф және ислам істері министрлігі, Кувейт.

• Алғыс хат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров. – Астана, 2016 ж.

• Алғыс хат. Қазақстан халқы Ассамлеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов. – Астана, 2017 ж.

Еңбектері:

• «Мұхтасар тәжуид» (Құран оқу ережелері, қазақ тілінде), Алматы – 2006

• «Мухтасар тажуид» (Құран оқу ережелері, орыс тілінде), Алматы – 2008

• «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары»  (монография). ҚР БҒМ, Алматы баспа үйлері, 2014 

• Құран – мағынасы мен түсініктемелері. «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, Алматы – 2015 (аударма авторы)

• «Дін – насихат» Ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құралы. ҚМДБ, Астана – 2015 (құрастырушы)

• Жұма уағызы-ІІ. ҚМДБ, Астана – 2015 (құрастырушы)

• Пәтуалар жинағы. ҚМДБ, Астана – 2016 (редактор)

• Сборник фетв. ҚМДБ, Астана – 2015 (редактор)

• Жұма уағызы-ІІІ, ҚМДБ, Астана – 2017 (құрастырушы)

• Жаназа және жерлеу рәсімдері. ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)

• Дін мен дәстүр-ІІ (Тал бесіктен жер бесікке дейін). ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)

• Дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған 60-қа жуық ғылыми-танымдық мақалалардың авторы