РАНТ мүшесі орталық мешітте

Аягөз қалалық мешітінде РАНТ мүшесі Өкен Шынарбек бесін намазында жамағатқа «Алланың разылығына бөлену» Жаратқанның үлкен нығметі екендігі жайлы уағыз – насихат айтты. Қашанда адам баласы бір – бірінің көмегіне, қолдауына мұқтаж. Бір жұмысты атқару үшін басқа біреудің жәрдеміне жүгінеді, қажеті үшін керекті затын сұрайды. «Алланың разылығы үшін» деген сөзді қосып сұрайтыны тағы бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) :«Алла разылығы үшін (бір зат) сұраған адамға сұрағанын беріңдер» – деген хадиске тоқталып, кеңінен түсіндіріп өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі