РАНТ мүшесі Семей қаласындағы өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінде кездесу өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы РАНТ мүшесі Отарбаев Бауыржан ШҚО Семей қаласындағы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі №2 жасақтың №5 өрт сөндіру бөлім қызметкерлерімен кездесті.  Кездесу барысында РАНТ мүшесі Отарбаев Бауыржан  түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, бірлік пен береке, ынтымақ пен достық, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді кеңінен түсінді.

Сондай-ақ, кездесу сәтінде өрт сөндіру қызметкерлердің  тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі