Жастар жылы үлесі кіші қажылық сертификаты табысталды

Мәуліт кешінде Семей аймағы бойынша бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы Жастар жылы аясында Семей өңіріндегі мешітімізде жас мамандар бар, жаңадан медресе бітірген үлгілі, әдепті, білімді, азаматтар жас имамдар, ұстаздар осы бір жылдың ішінде қырық бес қайрымдылық іс- шара жиырмадан аса спорттық, мәдениеттік бағдарлама, онбеске жуық ғылым білім сайыстары жүргізілді. Жастар ісі тобына жауапты Семей қалалық Тас мешітінің наиб имамы  Жүнісбек Айдынға алғыс білдіретіндігін айтты. Осы «Жастар жылы» жүлдесін Семей қалалық Жоламан ақ мешітінің наиб имамы Адақ ұлы Қанатбек бауырымызға бұйырып  Кіші қажылықтың сертификатын бас имам өз қолымен табыстады. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.