«ХИКМЕТ» ТВ 294 БЕЙНЕ, АУДИО ӨНІМ ЖАСАДЫ (ФОТО)

2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы 294 бейне, аудио өнім жасады. Бұл туралы «Хикмет» ТВ редакторы Ерболат Сапаров мәлімдеді.

«Бүгінде аудио және бейне уағыздарға, діни кеңестерге сұраныс көп. Осыған орай біз 2019 жылы өзіміздің 294 төл телерадио өнімді интернет ресурстарына жүктедік. «Қажылық күнделігі», «Жеті рухани қазық», «Адамзаттың абзалы» атты тақырыптар аясында арнайы бейнеролик жасалды. «Хикмет» телерадиостудиясының жұмыс ауқымын кеңейтіп, студияның интернет телеарнасын ашу жоспарымызда бар» дейді Ерболат Айтбайұлы.