«Ана бақыты – бала бақыты» атты семинар-тренинг

ҚМДБ  Семей өңірі бойынша Тыныбай қалалық мешітте  "Әйел-қыздар секторы»  ұйымдастыруымен   «Ана бақыты – бала бақыты» атты семинар-тренинг болып өтті.

Арнайы қонаққа Шақаман ауылының тұрғындары 7 – көпбалалы аналар шақырылды. Семинардың мақсаты   мұқтаж жандарға жылы сөз насихатпен  рухани  көмек көрсетіп демеу болу болды. Аталмыш семинарды Семей өңірі бойынша жауапты ұстаз Тұрлықожанова Динара және педагог – психолог Гүльмира Екпінтай жүргізді.  “Бала тәрбиесі”, “Жақсы ана болу” сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

Семинар соңында көпбалалы аналарға әйел жамағатынан азық-түлік және мешітте ашылған «Қайырымдылық бұрышы» – нан киім- кешектермен  көмек көрсетіліп, табыс етілді. Қуаныштан көпбалалы аналар көз жастарын ұстай алмады. Елеп ескеріп шақырғандары үшін  Әйел жамағатына алғыстарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.