Асқар Әбітайұлы аудан әкімі орынбасарымен бірқатар мәселені талқылады

ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы Үржар  ауданына жасаған іс-сапары барысында алғаш болып, аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбековпен кездесті.

     Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы  өңірдегі діни ахуал туралы баяндап, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жат ағымның алдын алу, қайырымдылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру туралы бірқатар мәселелерді көтерді.

       Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылуы тиіс шараларды тілге тиек етті.

            Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

        Өз кезегінде Асқар Әбітайұлы қазіргі ҚМДБ-сы тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға екпін түсіріп, ел мен жердің тыныштығын тіледі. Жиын соңында Асқар Әбітайұлына аудан әкімінің алғыс хаты табыс етіліп, қазақтың дәстүрі бойынша иығына шапан жабылды. Сонымен бірге бас имам  ҚМДБ- ның төл әдебиеті  Ұлы дала төсіндегі ислам кітабін Бас мүфтидің атынан табыс етті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.