Тыныбай мешітіне жаңа имам тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қалалық «Тыныбай»  мешітінің бас имам қызметіне тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы жұма намазы алдында «Тыныбай» мешітінің ұжымы мен жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Ал бұған дейін Семей «Тыныбай» мешітінде имам болған Біржан Аманжолұлы  саналы өмірі мен бар білімін «Тыныбай» мешітінде дін исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері алдағы уақытта «Қос мұнаралы» орталық мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.