«MeimaN» дәмханасы халал сертификатын алды

Қасиетті жұма күні Семей қаласындағы «MeimaN» дәмханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сертификатын алды.

Аталмыш дәмханасы басшылығы тарапынан түскен өтінішке орай бір апта көлемінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, халал дәмханасы атына лайық деп танылды.                  Сертификатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің   наиб имамы, халал өнімдерін стандарттау бөлімінің  өкілі Біржан Аманжолұлы табыстады.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.