Спорт – тән саулығының кепілі Фото

Спорт кешенінде еріктілер жылына орай Жарма ауданы мешіті мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан ашық аудандық жарыс өтті.

       Аталмыш іс-шараны құттықтау сөзбен Жарма ауданы мешітінің наиб имамы Абдусамат Тойқылды ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Олар Қалбатау, Шар, Жарық, Ақжал ауылдық округтер командасы мен 2544 әскери бөлімі. Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды Қалбатау ауылдық округінің командасы, ІІ орын Шар қаласы және ІІІ орынды Ақжал ауылдық округінің командалары иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.