Жастарға жат ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді

Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Біржан Аманжолұлы Семей медицина университетінде куратормен тәрбие сағаты өтті.

Бүгінгі таңда жастардың Ислам дініне көптеп бет бұрып жатқаны баршаға аян. Сонымен қатар, жастарға тура жолды көрсетіп, адасушылыққа бой алдырмау, жат ағымдардан сақтану бағыты бойынша насихаттық шаралар да көптеп ұйымдастырылуда.

Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Біржан Аманжолұлы Семей медицина университетінде куратормен тәрбие сағаты өтті.

Тақырып дін саласына қатысты, деструктивті діни ағымдардың қазақ жастарына теріс әсері атты тақырыпта болды.

Жастарға имандылық, жат ағымнан сақтану, білім алу турасында уағыз – насихаттарын жеткізді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алды. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.