Аягөз ауданындағы қайырымдылық

Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуіне қолдау білдіру мақсатында Аягөз қалалық мешітінде түрлі қайырымдылық шаралар атқарылуда.

Әйелдер-қыздар секторының атсалысуыменен 500 дей маска тігіліп тегін таратылса, осы жолғы “Жүрек жылуы” акциясы аясында Аягөз қалалық мешітінің жамағатынан құралған еріктілер 60 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетті.  Акция аясындағы қайырымдылық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі