ОРАЗА КЕЗІНДЕ «ИНГАЛЯТОР» ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Демікпесі бар адам жиі демігіп, тұншығатындықтан, инголятор не дәрі пайдалануға мәжбүр. Сондықтан да, «мұндай жағдайдағы адам оразаны қайтеді?», яғни «инголятор арқылы ауызға сепкен дәрі оразаны бұза ма?» деген сұрақ туады. Жалпы «ауыз, мұрын, құлақ арқылы, яғни табиғи жолмен ішке барған нәрселер оразаны бұзады. Инголятор секілді аппараттармен ауызға шашқан дәрі ішке кететіндіктен ораза бұзылады. Сондай-ақ ем үшін инголятордан басқа таблетка не сироп түріндегі дәрі қолдану, тікелей ішке баратындықтан оразаны бұзады. Мұндай аппаратсыз жүре алмайтын науқастарға ораза ұстамауына болады. Егер дәрігерлер науқастың бұл аурудан айығуы неғайбыл екеніне көз жеткізсе, онда ол оразаның әр күніне підия беріп отырады. Яғни, жоқ-жітікті, міскіндерді тамақтандырады. Ал, ауруынан сауығатын болса, сауыққан кезінде қазасын өтейді.