РАМАЗАН АЙЫ ҚҰЛШЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНАМЫЗ

Құрметті  Семейлік жерлестер!

Баршаларыңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймыз!

Биылғы  қасиетті ораза құлшылығы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты,  ерекше сипатта өтетіні баршаңызға мәлім.  Алайда  мешіт есіктері жабық болғанымен игілік және  сауап есіктері сіздермен біздер үшін  әрқашан  ашық.  Рамазан  айын өз сипатында ерекше рухани атап өту мақсатында,  сіздерге  Семей орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан  сауап айы» -атты рухани игі іс-шараларымызды бірге жасауға шақырамыз.

Рамазан құран айы.

  • Рамазан айы бойы сағат 12:00де күнделікті  Құран-хатым жасау мүмкіншілігін  ютуб Meshet Semey каналы арқылы онлайн тыңдап, Алла Тағаланы еске алыңыз.  Құранды хатым ететін елімізге танымал  Яхия Құрбан қари жүргізеді.
  • Күнделікті 14:00 де Мешітіміздің ұстазы Ахмет ұстаз онлайн құран хатым оқуды «Facebook»  Семей Мешіті Семей желісі арқылы қосымша жүргізеді.
  • Рамазан айы соңында өңіріміздің бас имамы жасайтын хатым дұғасына қатысып, бірге тілек тілеңіз.
  • Күнделікті сағат 17:00-де тікелей эфирден «Youtube» желісі (Meshet Semey),  арқылы діни-рухани онлайн уағыз-насихат және құран оқып  үйрену дәрістері сіздер үшін   тұрақты жүргізіледі. Құран үйреніп іліміңізді арттырыңыз.
  • Күнделікті кешкі сағат 20:00-де  «Отыз күнге отыз уағыз»-атты «хикмет тв» ютуб арнасынан  және  20:30 да  жергілікті «ТВК 6» каналы арқылы  өз шаңырағыңызда отырып, дін ұстаздарының «Берекелі Рамазан»-атты  рухани уағыз насихатын тыңдап, амал етіңіз.
  • Рамазан айына қатысты қандайда бір ақпаратты; muftyat.kz/semey-meshet.kz сайттары арқылы қараңыз.

Рамазан қайырымдылық айы.

Қасиетті Рамазан- қайырымдылық жасайтын ,мұқтаждың жағдайына қарайласып, береке һәм сауап жинайтын ай. Мүмкіндігінше жомарттық танытыңыз. Садақа күнәңізді өшіріп, мал-дүниеңізге береке береді.

Осы орайда сіздерді мешітіміздің зекет қоры ұйымдастыруымен қайырымдылық түрлерін бірге жасауға шақырамыз.

  • Рамазан айында ораза тұтқан жағдайы төмен жанұяларға азық-түліктей қайырымдылықты бірге жасайық.
  • Рамазан айында ораза ұстаған жандарға ауызашар қорабын  тарату  сауап амалына үлес қосыңыз. Шамамен бір ауызашар құны 1000-1500тг.
  • «Ел үлесі пәтерге – 1000 тг – ге  баспана» жобасы бойынша жағдайы төмен, көп балалы жанұяға баспана сыйлауға себепші болыңыз.
  • Рамазан айында «Тал егу» акциясына қатысып, сауап алыңыз.

 Алла Тағала Рамазан айында жасайтын әрбір ізгі амалдарыңызды қабыл етсін!

Қайырымдық істеріне жауапты имам: Семей өңірі бойынша Зекет қорының өкілі Біржан Аманжолұлы.

Kaspi Gold: 5169 4931 7271 0272.

ИИН 850626301117.

Байланыс тел: 87013108999