Пітір садақа

         Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) заманында пітір садақа 4 азықтан берілген. Олар: бидай, мейіз, құрма және арпа. Оның үкімі Ханафи мазһабы бойынша жазылған фиқһ кітаптарында кеңінен баяндалған.

         Пітірді азық түрінде немесе оның бағасын шығарып ақшалай беруге де болады. Оның бағасы жергілікті базардағы бөлшек нарықпен есептелуі тиіс.

          Пітір сөзі )араб тілінде) – “жаратылыс” деген мағынаны білдіргендіктен, пітір садақаны «дененің зекеті» деп атаған.

          Пітір садақа- әрбір мұсылман үшін Рамазан айында жағдайы төмен жетім – жесірлерге немесе мешіттерге арнайы берілетін садақа.

          Нисабқа ие болған әрбір мұсылманға пітір садақасын беру уәжіп. Нисаб – зекет беруді парыз қылған шариғатпен бекітілген байлық мөлшері. Бұл қарыздан басқа 20 мисқал (80,18гр.) алтын немесе соған тең ақша не сауда бұйымы.

         Әбу Дәуірте келтірілмеген бір риуаятта, Пайғамбарымыз былай деген: Бір сағ бидай – екі адамға (есептеліп беріледі) (Бір «сағ» шамамен 2 кг 918гр.)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Мал – мүліктеріңізді зекетін беру арқылы қорғап, ауруларыңызды садақа беру арқылы емдеп, бәленің бетін дұға арқылы қайтарыңыздар»,-дейді.

Пітір Садақа Рамазан айының ішінде берілуі керек. Пітір садақа һижреттің 2-ші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы уәжіб болып саналады.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шын мәнінде зекет – садақа кедей – кепшік пақырларға, түк жоқ міскііндерге, зекет жинаушы қызметкерлерге, көңілдері исламға ауғандарға, құл азат етуге, қарыз құрсауында қалғандарға, Алла жалыңдағыларында  және жолда қалғандарға беріледі. Бұл – Алла белгілеген парыз…»- деген.

                                                                                               (Тәубә Сүресі, 60 аят.)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Міскенге берілген садақа, тек садақа саналады. Ал, туысқанға берілген садақа – садақа әрі туыстық байланыс»- деген.

Пітір садақасының мақсаты, Рамазан айында ұсталмаған оразадағы қате – кемшіліктерді түзетіп, орнын толтырады. Екіншіден, айт күні пақырлар мен міскіндердің мұктаждығын жауып, әл – ауқаттарын көтеріп, көңілдерін қуантады.

Уакиш ибн Жанах ( Алла оған разы болсын): « Рамазан айының пітір садақасы- намаздағы сәһу сәждесі сияқты. Сәһу сәждесі намаздың кемшілігін түзетсе, пітір садақасы оразаның қатесін түзетеді»,-деген ой айтады.  Аллаһ Тағала ризашылығы үшін тұтқан   оразаларыңыз бен берген пітір садақаларыңыз  қабыл болсын.

Садақа

         Алла разылығы үшін жасалған әрбір жақсылық садақа болып табылады.Бұл жөнінде хадис шәріптерде: « Өзіне және бала – шағасына жұмса- жұмсағандарының бәрі – садақа», «Жақсы сөз – садақа» , «Жылы сөзбен сәлем беру – садақа» , «Жолынан адасқанға жол көрсету – садақа»,- делінген. Алайда, біздің сөз етпек болған садақа маттериалдық тұрғыдан жасалынатын түріне жатады.

         Садақа беру  иманды мұсылманның, оның пайдасы мен Алла Тағаланың берер мол ризығы  мен абыройынан үміт еткеннің ісі. Жалпы садақа беру – жақсылық пен берекет бастауы. Құдайға шүкір, қазір кез келген жанның, ең болмаса, жарты келі бидай бере алатындай жадайы бар. Демек, зекет – парыз болса, садақа – ізгілік деп білгеніміз жөн. Зекетті арнайы адамдар санаты ғана береді. Ал, садақаны кез келген жанның беруіне болады.

Зекет  жылына бір рет, садақа болса көңілдің қалауымен беріледі. Бірде Айша анамыз (Алла оған азы болсын ) мынадай хадис жеткізеді: « Ей, Алланың Елшісі ! Менің екі көршім бар. Екеуінің қайсысына берейін?»- деп сұрадым. Ол(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)! «Қайсысының есігі саған жақын соған бер!»- дейді.

Жалпы шариғатта садақаға қатысты мал мүлік бола тұра қайыр тілемеуді, Алланың атымен сұраған кісіге садақа бермеуді әдептердің бірі ретіндеұсынады. Ол садақа берушіге қатысты міндетсінбеу немесе харам малды садақа етпеудің маңызды екені айтылады. Ең бастысы, сараңдық танытпауға ерекше көңіл бөлінеді.

Жоламан Ақ мешітінің бас имамы: Бейсов Рашит Жамалбекұлы.