Құрбан айт мейрамына арнайы дайындалған қасапханалар тексерістен өтті

Қасиетті Құрбан айтта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйғарымымен онлайн режимде, яғни қашықтықтан құрбандық шалынатындығы баршамызға мәлім.

Осыған орай шаһарымыздың Бас имамы Асқар Әбітайұлы мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов арнайы санитарлық талаптарға сай келетін қасапханаларды, санитарлық – эпидемиологиялық  және ветеринарлық орталық қызметкерлерімен бірге тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында құрбандық шалатын орындар барлық талаптарға сай екені белгілі болып, толық жабдықталғаны анықталды. Өткізілгелі жатқан игі іске «Ақшың» корпорациясының директоры Марат Құрманбаевта ат салысуда. Қасапханалардың бірі Жоламан, екіншісі Дальний кентінде орналасқан. Мейрам күндерінде белгіленген орындар үздіксіз қызмет атқаратын болады.  Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты бір жерге дүйім жұрттың жиналмауын қамтамасыз етіп, халық амандығын басты назарда ұстау.  Баршаларыңызға келе жатқан ұлық мейрам Құрбан айт құтты болсын!

                                                                                          Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.