QURBAN2020.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.
Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарлаған едік.

Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.

Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.

Сайт функцияларымен төмендегі нұсқаулық арқылы таныса аласыз.