Құрбан айт 2020 – Семей өңірі бойынша 2992 отбасыға ет үлестірілді. Фото.

Барша мұсылман жұртшылығына қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы екі күнінде өңірімізде біршама игі істер жасалуда.

Барша мұсылман жұртшылығына қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы екі күнінде өңірімізде біршама игі істер жасалуда. Соның қатарында шаһарымыздың Бас имамы Асқар Әбітайұлының қолдауымен қаламыз бен оған қарасты аудандарда үш мыңға жуық отбасыға ет таратылды. Жасалып жатқан қайырымдылыққа өңіріміздің еріктілері мен шенді азаматтары ат салысып, барынша үлестерін қосуда. Ел басына күн туған заманда ұйымшылдықтарын танытып, қол ұшын созып жүрген жамағатқа, мұқтаж жандар ризашылықтарын білдіруде! Өткізіліп жатқан игі іс Құрбан айт уақытымен шектеліп қалмайтынына сеніміміз зор! Баршаларыңызға Құрбан айт мүбарак болсын!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.