«Қазығұл ата» мешіті қайырымдылығы

 Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылындағы «Қазығұл ата» мешітінің жастар бөлімі, еріктілер әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына қайырымдылық жасады.
«Әрдайым істелген кіші амал артық, бір рет істеліп тоқтап қалған үлкен амалға қарағанда» – делінген хадис шәрифке сай амал еткен бауырларымызға алғыс білдірген ауыл имамы, үйді – үйге азық – түліктерді таратып берді. Қайырымдылық іске риза болғандар алғыстарын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі