СЕМЕЙДЕ: ТАҒЫ ДА 76 ШЫ ӨКПЕ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ (ФОТО)

Осыған дейін «Зекет» қоры және Семей мешіттерінің ұйымдастыруымен 66 өкпені желдету аппараты сатып алынып, аймағымыздағы ауруханаларға таратылған болатын.

–Мешітіміз рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын орын да саналады. Өйткені мешітте көптеген қайырымдылық, игі іс-шаралар атқарылып келеді.

 Індет өршіп, ел қиналып жатқанда да Семей қалалық мешіттері тасада қалмай, көптеген ізгі істерді ұйымдастырып келеміз. «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлесін қосқан жанашыр азаматтарға Алла разы болсын! – дейді Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Бұл игілікті шара жалғасын тауып Семей қалалық Жедел жәрдем аурулар ауруханасына 3 өкпені тыныстандыру аппараты және Облыстық клиникалық  ауруханасына тағыда 7 өкпені тыныстандыру аппаратын алып берді.

Жалпы Семей өңірі бойынша таратылған аппарат саны 76 ға жетті.

  Ауруханалардағы вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымы мен сауыға бастаған сырқат жандар алғыстарын білдіруде.

«Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» делінген Құран-кәрімнің «Мәидә» сүресінің, 32-ші аятында.

Аталмыш қайырымдылық шарасы әлі де жалғасуда. Ұйымдастырушы дін қызметкерлері осынау акцияға үлес қосып, Жаратушының ризалығына кенелгісі келген жомарт жандарды ат салысуға шақырады.

Семей өңірі бойынша «Зекет» қорының есепшоты:

Kaspi Gold: 4400 4301 2628 4561.

Телефон нөмірі: 87013108999. Біржан Аманжолұлы.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі