Курчатов қаласында «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Семей өңіріне қарасты «Курчатов» қалалық мешітінде 10 балаға оқу құралдары жинақталған сөмкелер сыйға тартылды және қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі күні аясында қайырымдылық көмек ретінде 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

«Акция аясында негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылды. Біз балаларымыздың білім алуына жағдай жасауды жалғастырамыз. Баршамызға Алла разы болсын! Бұл – бірлескен істің нәтижесі» деді Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Айта кетелік, жыл басынан бері «Қос мұнаралы» орталық мешіті және дін қызметкерлері  аудан, ауылдарды аралап, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып  көмек көрсетіп келеді.

Игі шараларға жиналған ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған Семей өңірі өкілдігіне қарасты барша мешіт қызметкерлері мен демеушілік көрсетіп, ізгі шараға бір ауыздан ат салысқан барлық жомарт жандарға өз алғыстарын айтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.