Семей өңіріне қарасты «Жарма аудандық орталық мешіті» 30 баланы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайын өткізетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында ШҚО Семей өңіріне қарасты «Жарма аудандық орталық мешіті» 30 баланы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Бұған қоса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай 5 балаға 20.000 мың теңгеден Эдем сауда үйіне арнайы сертификат табыс етілді.

Аталмыш акция барысында мешіттерден көмек сұрап келген көп балалы аналар және Жарма ауданына қарасты (Шар, Сұлу сары, Жаңғыз төбе, Жаңа өзен т.б) ауылдардан келген мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылды.

«Бас мүфти бастамасымен республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Мектепке жол» атты шараға Семей өңіріне қарасты мешіттер де барынша атсалысуда. Қазақ даласында  «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады», деген қанатты сөз бар. Осы балалардың қуануына себепкер болған қала, аудан имамдарына және қол ұшын созған жамағаттарға шың жүректен алғыс білдіремін», – деді Жарма ауданының Бас имамы Тимур Қайдарұлы.

Жарма аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.