Аякөз қалалық жаңаауыл мешіті

«Жаңаауыл мешіті» Аякөз қаласында орналасқан.  2004 жылы 19 қарашада Бас мүфтидің қатысып, сөз сөйлеп, құттықтауымен ашылған. Мешіт шаһардың солтүстік шығыс беткейіндегі «Жаңаауыл» ықшам ауданында бір қабатты етіп салынған. Мешітті жергілікті кәсіпкер Сұлтан қажы Желдібаев Алла разылығы үшін өз қаражатына салдырған.

Мешіттің жалпы көлемі 1000, пайдалы көлемі 250 шаршы метр. Мешіт қазақ халқы қасиетті деп есептейтін 7 санымен байланыстырылып, жеті қырлы етіп салынған. Мешіт 250 адамға арналған. Биіктігі 7 метрлік бір күмбез тұрғызылған. Төменгі қабатына таһаратхана, автономды жылу қазаны орналасқан.

image004(55) image002(62)