image002(11) Мен Сағымбаев Қайрат Қыдырханұлы 1976 жылы 10 мамырында Шығыс Қазақстан Облысы, Тарбағатай ауданы ( Семей облысы ,Ақсуат ауданы) Көкжыра ауылында дүниеге келдім.
1983-1993 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті бітірдім.
1993-1995 жылдар аралығында ауылда әр салада жұмыс істедім.
1995-1997 жылдар аралығында Семей қаласындағы Ер балалар пансионатында оқып,діни сауатымды аштым.
1997-2001 жылдар аралығында өзімнің туған ауылым Көкжыра ауылында имам болып қызмет жасадым.
2001-2009 жылдар аралығында Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің бұйрығымен Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінде бас имам болып қызмет жасадым.
2010 жылдын 15-ші қараша айынан бастап Шағыл мешітінің бас имамы болып тағайындалдым.
2003 жылы ҚМДБ-ның жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтын оқыдым.Отбасын құрғанмын, бір ұлым бар.

Мешіт тел: 8 7222-33-51-52
Комсомол кенті Шағыл мешіті Әлихан Бөкейханов 12

image004(10)