Ақши ауылындағы «Мәуліт» мерекелік шарасы.

 

Аягөз ауданына қарасты Ақши ауылындағы мәдениет үйінде «Мәуліт» мерекелік шарасы кең көлемде аталып өтті. Азан әуезімен басталған мерекелік шара қасиетті Алла сөзі құран оқумен, шәкірттердің салауат айтуымен жалғасты. Проектордан Алла елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмір тарихынан, сонымен бірге бірнеше қысқа метражды бейнероликтер көрсетілумен қатар мектеп оқушыларымен, шәкірттер дайындаған көріністер көрсетілді. Бүлдіршіндердің жүрек жарды жырларымен діни әуендер орындалды. Аягөз ауданының бас имамы Думан қажы Нәдірұлы қасиетті құран аяттарымен, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен баяндап, муфти хазіреттің тапсырған «дін және тарих тағылымы» жылы аясындағы атқарылған істеріне тоқталып өтті. Мереке соңында Алла үйі мешітке жәрдемші болып жүрген азаматтарға, қатысушы шәкірттерге алғыс хатпен сыйлықтар табыс етілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.