«Ал қанекей – қыздар» атты эстафета

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу  орталығында  дәріс алушы қыз шәкірттер арасында  «Ал қанекей қыздар» атты  эстафеталық жарыс өтті. Жарыста «Кім жүйрік», «Кім жылдам», «Мергендер  сайысы», «Епті балақай» атты әртүрлі спорттық ойын сайыстары өткізілді.  Жеңімпаздарға марапат қағазымен сыйлықтар табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі