Ардагер атаның батасын алды

Қазақстан Республикасында 9 мамыр – Жеңіс Күні жыл сайын аталып өтіледі.  Бұл күні кешегі соғыста Отаны үшін майданның алдыңғы шебінде жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша. ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел қыздар секторы» қаламыздағы жасы 90 нан асқан  ардагер атамыз Оразбаев  Атамбай Оразбайұлын және тыл ардагері болған ақ жаулықты әжемізді  құттықтап, барлық соғыс ардагерлеріне осылайша құрметтерін көрсетті. Болашақ ұрпақ үшін ақ батасын алды. Ардагер ақсақал «100 ші атқыш батальонда» батыр қызымыз Мәншүк Мәметовамен бірге шайқасқанын айтып, сұрапыл соғыста бастан кешкендерін әңгімеледі. Майданда өткізілген әрбір күні жадында сақталған. «Өте қиын кезең болды, көп адам оралмады. Бірақ біз шыдадық, жеңіске ұмтылдық. Жастарға да айтарым өмірде көп қиындықтар болады шыдау керек.» – деді қариямыз. Тыныбай мешіт найб имамы Арғынов Серікбол қасиетті құран аяттарын оқып дүниеден өткен ардагерлерге бағыштады.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.