Аудан тұрғындарымен кездесу өтті.

Жарма аудандық жастар үйінде аудандық ІІБ – нің ұйымдастыруымен ішкілікке, нашақорлыққа салынған азаматтармен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық мешіттің наиб имамы Абдилсамет Тойқылды, аудандық аурухананың психолог  маманы Сактамбаева Айман, Жарма аудандық №1 Полиция қызметінің бастығы әділет капитаны Ансабаев Ардақ қатысты. Алғашқы болып сөз кезегін алған наиб имам арақ пен нашақорлықтың зияны, арақтың дінімізде тыйым салынуына байланысты сахабалардың уақиғаларын, Құран аяттарының кезең -кезеңімен түсуі, Пайғамбарымыздың хадистерімен дәлел көрсетіп, арақтың отбасына, қоғамға, ағайын-туыс арасын алшақтатып бір отбасын құрдымға жіберетін аса зияны зор екенін түсіндірді. Кездесу соңында тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Жарма аудандық баспасөз қызметі.