Аягөз қалалық мешіті ауласынан жаңадан салынатын ғимараттың қазығы қағылды.

Аягөз қалалық мешітіне жамағаттың ғибадатына тарлық етуіне орай, жергілікті кәсіпкер азаматтардың қолдауымен мешіт ауласынан салынатын ғимараттың алғашқы қазығы қағылды. Бұл жаңа ғимаратта бас имам, наиб имам, жиналыс бөлмелері, кітапхана, мұражай, қонақ бөлмелерімен қатар күзет, құран оқитын бөлмелері салынбақ. Мешіттің жөртелесінде орналасқан бөлмелердің баршасы кеңейтіліп намазхана болады деп жоспарлануда.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.