Аягөз қалалық мешітіндегі Әз – Наурыз

Аягөз қалалық мешіті ауласында «Әз – Наурыз» мейрамы құрметіне киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылып, үлкендерге ұлттық ас беріліп, өткендерге құран бағышталды. Ақсақалдар бата беріп, мешіттің игілікті ісіне алғыстарын білдірді. Домбырамен терме орындалып, күмбірлеген күй шертілді. Сонымен қатар жұма намазына келген жамағатқа наурыз көже таратылып, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Гір тасын көтеру, асық ату, ләңгі тебуден, қой көтеруден сайыстар өтті. Жеңімпаздарға марапат, сыйлықтар табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.