Аягөз қалалық мешітіндегі «Мектепке жол» ақциясы

Жаңа оқу жылының басталуына орай Аягөз қалалық мешітінде «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, 140 оқушыға мектеп сөмкесі мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. Бас имам Думан Нәдірұлы оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап,осынау сауапты шараға демеушілік көрсеткен Рысбек Меделханұлы, Асхат Нұрланұлы,  Алмас Мырзағажы ұлы, Мұрат Төлегенұлы, Рахат Кенже ұлы, Ермек Тұрсынұлы, Нүргул Хасенқызы, Айнагүл Ерсаин қызы, Алмагүл Қабылтолқызы,  Толқын ханым, Санат Ақтанбайұлы, Жанар Мұхтарқызы, Назира Балтабек қызы, Бағила Мәулетқызы т.б. атымтай жомарт азаматтарға алғыс, рахметін айтты. Шара соңында балалаларға тәттілер таратылып, ата-аналар осындай сауапты іске себепші болған мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі