Аягөз қалалық мешітіндегі жастар бөлімі мүшелерінің байқауы.

Аягөз қалалық мешітінің жастар бөлімі мүшелеріне бір ай көлемінде «туған өлкеміздегі дін таратуға үлес қосқандар» жайлы «Прометей алауы» атты кітаптың абыздар мен ақындар елі болған киелі Аягөз жеріне қожа молдалардың келуі, үлес қосуы, дініміздің таралуы жайында аталмыш кітаптың 125 бетін оқып шығып, осы жөнінде жазбаша сұрақ – жауап, сынақ байқауы өткізілді. Мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы сынаққа қатысушыларға сынақ қорытындысы алдағы уақытта өткізілетін «Пайғамбар тарихы» жайлы кітаптан өтетін сынақпен бірге жарияланатындығын атап өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.