Аягөзде «Әйел – қыздар» секторы Мәуліт өткізді (фото)

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйел – қыздар» секторы мүшелері мен шәкірттер бірлесе отырып, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекесін өткізді. Мерекеде сахналық қойылымдармен бірге шәкірт қыздар Пайғамбарымызға (с.ғ.с) арналған жүрек жарды өлеңдерін оқып, мешіт ұстаздары ақ баталарын берді. Мереке тартымды өтіп, ақ дастархан басында насихатпен жалғасты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.