Аягөзде екі отбасы баспаналы болды

Аягөз қаласында «1000 теңгеге баспана» Харекет қорының бастамасымен, халық қолдауымен екі отбасына баспана табысталды. Аягөз қалалық мешітінде жұма күндері жәрмеңке ұйымдастырылып, түскен қаржы қорға аударылған болатын. Көптің қолдауымен алынған баспаналардың лентасы қыйылып, қасиетті Құран бағышталып, ел бірлігіне дұға тіленді. Баспана иелері көпшілікке алғыс айтып, ізгі ниеттерін білдірді. Харекет қоры басшылығынан мешіт имамы Думан Нәдірұлына, аудан басшылығына, еріктілерге алғыс хат табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.