«Әйел қыздар секторы» ауызашар берді

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деп айтқан. Ораза айы жақсылықтың, ізгіліктің айы.

Сауапты амалды насихаттау мақсатында ҚМДБ Семей аймағы бойынша  «Әйел қыздар секторы» ауызашар ұйымдастырды. Қасиетті Рамазан айының  ауызшарын  орталық мешітте білім алып жүрген шәкірттер, ауызбіршілік пен  ынтымақтың бір көрінісі  ақжаулықты әжелер қауымы берді.   мұсылман жұртшылығы әдеттегідей ауызашарға орталық мешітте жиналды. Наиб имам Ерлан Досымұлы ауызашарға келген қауымды рамазан айымен құттықтай отырып, оразаның артықшылығы турасында  уағыз   айтты. Қасиетті айда  ауызашар беріп жатқан орталық мешіт шәкірттеріне  алғысын айтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.