Әйел қыздар секторы Құрбан айттағы қайырымдылық.

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел- қыздар секторының» ұйымдастыруымен Құрбан айттың құрметіне қайырымдылық жасалды. Жайылған ақ дастархан басына көпбалалы 7 отбасы қонақ болды.

Құрбан айт дастархан басында қасиетті Құран аяттары оқылып, ұстаздар келген қонақтарға тағылымды уағыздар айтты. Шара соңында келген қонақтарға азық – түлік көмек көрсетіліп, балаларға айттық сыйлықтар табыс етілді. Ақ жаулықты әжелер елімізге тыныштық, дініміздің қанат жаюы үшін дұға тіледі.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.