«Әйел – қыздар» секторы Наурызды мерекеледі

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында «Әйел – қыздар» секторы мүшелерінің ұйымдастыруымен наурыз мейрамы мерекеледі. Ақдастархан басында проектордан Наурыз мейрамы жайлы бейнеролик көрсетіліп, әжелер баланың тұсау кесу рәсімін жасады. Ұлттық ән шырқалып, терме орындалды. Аналар жас қыз – келіншектерге наурыз көжені дайындау әдістері жайлы қызықты жайттарды баяндады. Мереке есте қаларлықтай қызықтыда, тартымды өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.